• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 16 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр

«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр

16.09.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
716
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group халықаралық тау-кен өндіруші компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде тау-кен металлургиясы саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, қатты пайдалы қазбаларды игеру және өндірісті терең өңдеу бағыттары талқыланды.
Негізгі мәселелердің бірі – Қызылорда облысындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы. Тараптар жобаны іске асыру перспективаларын, инвестициялық жоспарларды және алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарастырды.
Zijin Mining Group қазіргі уақытта Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жұмыс істейді. Компания өкілдері «Шалқия» жобасын дамыту барысында тау-кен өндірісіндегі тәжірибесі мен технологиялық шешімдерін қолдануға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде минералдық шикізатты қайта өңдеу және терең өңдеу, өндірістік процестерді автоматтандыру, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды.
Нұрлыбек Нәлібаев тау-кен металлургиясы кешенін дамыту елдің индустриялық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Шалқия» жобасы және инвестициялық ынтымақтастықтың өзге де бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Алдыңғы пост

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

nineteen + 10 =

Соңғы жаңалықтар

  • «Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр
  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті
  • Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
  • «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі