Абай облысында үш адам апатты жағдайдағы аспалы көпірден құлап, мерт болды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Жергілікті төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 сәуірде Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында болған.
“Алдын ала мәлімет бойынша және куәгерлердің сөзінше, Көкқамыр аумағындағы ағаш аспалы көпірден мотоциклді өткізбек болған шаруа қожалығының үш жұмысшысы Қаракөл өзеніне құлаған. Жағалаудан ұялы телефондар мен сырт киімдер табылды”
деп жазылған депатамент хабарламасында.
16 сәуірде құтқарушылар 1980, 1978 және 1967 жылғы үш ер адамның денесін тапқан. Облыстық полиция тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда аспалы көпір апатты жағдайда болған.
Дереккөз: Азаттық
Видео: Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірі және содан скриншот