Ұрлаған ақшасына көлік сатып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Volkswagen көлігін иесі үйдің сыртында құлыптап тастап, өздері қонаққа кеткен. Күдікті түнгі сағат 03:00 шамасында көліктің артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгеге жуық ақшаны қолды қылған. Ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған.
Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіріп, ер адамды тапты. Ол бұрын ұрлық қылмысы үшін сотты болған тұрғын болып шыққан.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.