• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«2 млрд теңге»: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қазақстандықтардың ақшасын казиноға салған

«2 млрд теңге»: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қазақстандықтардың ақшасын казиноға салған

21.05.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Sax Invest қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды kaztoday.kz.

Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған.

«Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан.

Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға: оның ішінде казиноға 2 миллиард теңге, «Блайсико» атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 миллион теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 миллион теңге, жеке үй құрылысына 120 миллион теңге, шетелде демалуға 377 миллион теңге, қызының Лондонда оқуына 53 миллион теңге жұмсалған.

«Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 миллиард теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың аяғына дейін 7 миллиард теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген».

Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған. 2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

«Сот санкциясы бойынша, күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ «ForteBank» пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бағалы қағаздары бар.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды».

Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Tags: қаржыпирамида
Алдыңғы пост

Ұрлаған ақшасына көлік сатып алған ер адам ұсталды

Келесі пост

«Тең жартысы жұмыссыз»: Депутат жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды

Келесі пост
«Тең жартысы жұмыссыз»: Депутат жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды

"Тең жартысы жұмыссыз": Депутат жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі