• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 14 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
ЕРТЕҢГЕ СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҚОЛДАУ

ЕРТЕҢГЕ СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҚОЛДАУ

14.04.2026
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
25
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Бұл бастамалар бүгінде жүздеген отбасының тұрмыс сапасын жақсартып, жастардың білім алуына жол ашуда.
Соның бір айқын көрінісі – Сыр өңіріндегі аз қамтылған отбасылардан шыққан 30 жастың оқу ақысын төлеуге көрсетілген қолдау. Партияның Жаңақорған аудандық филиалының үйлестіруімен және «Байкен-U» серіктестігінің қолдауымен шамамен 17 млн теңге бөлініп, бүгінде бұл жастар еліміздің түрлі оқу орындарында кедергісіз білім алып жатыр.
Бұл – жай ғана сандар емес, азаматтардың ертеңіне сенім сыйлаған нақты көмек. Мәселен, Жайылма ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Клара Шәйменова үшін бұл қолдау үлкен мүмкіндікке айналды. Оның айтуынша, қиын кезеңде көрсетілген көмек отбасы үшін маңызды тірек болған.
«Әрбір ата-ана баласының білім алғанын қалайды. Қаржылық қиындық туындаған кезде «AMANAT» партиясы тарапынан көрсетілген бұл қолдау бізге үлкен демеу болды. Баламның білім алып жатқанына қуаныштымын. Осындай қамқорлық үшін партияға айтар алғысым шексіз», – дейді ол.
Осындай қолдаудың арқасында білімін жалғастырып жүрген жастардың қатарында Нұрдаулет Бижанов та бар. Ол ұсынылған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз болашағын айқындау жолында нық қадам жасап келеді. Оның сөзінше, бұл қолдау жаңа белеске ұмтылуына ықпал еткен.
Өңірде партияның Жаңақорған аудандық филиалы және «Байкен-U» серіктестігімен бірлескен әлеуметтік қолдау бағытындағы игі іс биыл екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Бұл – партия мен бизнестің нақты әлеуметтік әріптестігінің нәтижесі.
Аудандық филиал төрағасы Арман Мажитов партия жобалары – бір реттік көмек емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған бастама екенін атап өтті.
«Біздің басты мақсат – халыққа нақты қолдау көрсету және әрбір азаматтың тұрмысын жақсартуға ықпал ету. Осы бағытта «AMANAT» партиясы түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Мұнда біз әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Жақында партия жанынан Кәсіпкерлер қанаты құрылды. Бұл бизнес қауымдастығымен өзара байланысты одан әрі нығайтып, кәсіпкерлікті қолдауға тың серпін береді. Алдағы уақытта партия мен бизнес арасындағы әріптестік күшейіп, нақты жобалар жалғасын табады. Біз үшін әрбір азаматтың болашағы маңызды, сондықтан кез келген мәселе назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады», – деді ол.
Айта кетейік, былтыр аталған жобалар аясында Қызылорда облысында 600-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам азаматқа түрлі бағытта қолдау көрсетілді. Жоба аясындағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда.

Алдыңғы пост

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМУДА

Келесі пост

Қаңғыбас жануарлардың тағдыры енді Сенат пен Президенттің қолында

Келесі пост
Қаңғыбас жануарлардың тағдыры енді Сенат пен Президенттің қолында

Қаңғыбас жануарлардың тағдыры енді Сенат пен Президенттің қолында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • 854 блогерге ескерту: миллиардтаған табыс жасырылған
  • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгереді.
  • Қаңғыбас жануарлардың тағдыры енді Сенат пен Президенттің қолында
  • ЕРТЕҢГЕ СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҚОЛДАУ
  • ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМУДА

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

854 блогерге ескерту: миллиардтаған табыс жасырылған

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгереді.

Қаңғыбас жануарлардың тағдыры енді Сенат пен Президенттің қолында

ЕРТЕҢГЕ СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҚОЛДАУ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМУДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ЕҢБЕККЕ БАСТАР ЖОЛ, КӘСІПКЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі