Өткен жылдың сәуірінде Тастөбе ауылында 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаға байланысты «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізілді.
Тергеу нәтижесінде 22 жастағы ауыл тұрғыны және 10–11 сыныпта оқитын екі жасөспірім күдікті деп танылды. Сот материалдарына сәйкес, марқұмға ұзақ уақыт бойы қорқыту, психологиялық қысым көрсету және күштеп жұмыс істету фактілері болған.
Жасөспірім ауылдағы «беделді» деп танылған күдіктінің үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын істегені анықталған.
Сот шешімімен 22 жастағы айыпталушы 8 жылға, ал оның екі сыбайласы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

