• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 17 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

17.04.2026
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылорда қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар ірі құрылыс жобаларына партиялық және депутаттық бақылау жүргізілді. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, депутаттар тобы мен жауапты сала мамандары қала аумағындағы маңызды нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Іссапардың негізгі мақсаты – республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржының тиімді әрі мақсатты игерілуін қадағалау, сондай-ақ салынып жатқан нысандардағы жұмыс сапасын бағалау болды.
Алдымен мониторинг тобы Қызылорда қаласында бой көтеріп жатқан 300 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылыс алаңына барды. Аталған медициналық мекеме құрамында онкологиялық бөлімшенің де қарастырылуы – өңір тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан аурухана іске қосылғаннан кейін денсаулық сақтау саласының әлеуетін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар депутаттар тәулігіне 400 келушіні қабылдауға қауқарлы №5 емхананың құрылыс барысын да көрді. Жаңа емхана пайдалануға берілген соң қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі артып, денсаулық сақтау нысандарына түсетін жүктеме азаяды деп күтілуде.
Мониторинг барысында «Қызылорда қаласының Президент саябағын қайта жаңғырту» жобасының жүзеге асырылу кезеңдері де назардан тыс қалған жоқ. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін саябақ қала тұрғындары мен қонақтарының демалысына арналған заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.
Бұдан бөлек, ботаникалық саябақ пен балалар лагерінің құрылысы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. 300 орынға арналған балалар лагері бүгінгі талаптарға сай жабдықталып, жасөспірімдердің сапалы демалысы мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Депутаттар сондай-ақ халық игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылысымен танысты. Бұл кешен пайдалануға берілгеннен кейін бұқаралық спортты дамытуға, халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге, жастардың спортпен шұғылдануына жаңа мүмкіндік ашады.
Жалпы, өңірде жүзеге асырылып жатқан мұндай ауқымды жобалар Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын арттыруға және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Жауапты тұлғалар құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуы партиялық бақылауда болатынын атап өтті.

Алдыңғы пост

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Келесі пост

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

Келесі пост
ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.
  • «AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.
  • Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті
  • Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды
  • Қызылордада заманауи жылу-электр орталығы іске қосылды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды

Қызылордада заманауи жылу-электр орталығы іске қосылды

Жамбыл облысында жасөспірімнің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі