Павлодарда бір жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, қайғылы жағдай туралы шақырту 30 шілде күні сағат 19:23-те түскен.
Бала құлау салдарынан ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, сәби оқиға орнында көз жұмды.
Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша, бала көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің ашық терезесінен құлаған. Оқиға кезінде ата-анасының үйде болғаны айтылады.
Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

