• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 28 октября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28.10.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
714
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті.

Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты.
Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, талап пен тәртіпке басымдық берудің маңызын атап өтті.

«Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық.
Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет», – деді Президент.
Мәжілісте қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау, балалар қауіпсіздігі, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы оқиға болған соң оның салдарымен күреспей, алдын алу тетіктерін күшейтудің маңызын атап өтті.
«Бізге ең бірінші, адам өмірі қымбат, оның ішінде баланың өмірі мың есе бағалы. Ең басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болуы тиіс.
Соңғы төрт жылда жергілікті бюджеттен полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 65 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл – өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін көрсетіліп отырған қолдау.
Жыл басынан бері 1915 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 8,8 % төмендеген. Дегенмен статистиканың жақсаруы жұмысты босаңсытпауы тиіс. Әсіресе балалардың, жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғаларға мүлде бейжай қарауға болмайды.Соңғы апталардағы оқиғалар осы бағыттағы жұмысымызды қайта қарауды талап етеді.
Әрқайсымыз жүктелген міндетімізді толық орындап, жауапты органдар өз құзыреті шегінде әрекет етіп, ортақ мақсатқа жұмылуы тиіс. Ол үшін күнделікті тәртіп, жауапкершілік, өзара үйлесім мен нақты нәтиже керек.
Тұрғындар өзінің қауіпсіздігіне сенімді болып, балаларының амандығына алаңдамауы қажет. Біздің мақсатымыз – есеп үшін жұмыс істеу емес, халықтың тыныштығын қамтамасыз ету. Осы міндетті бәріміз бірдей түсініп, жауапкершілікпен атқаруға тиіспіз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте қаладағы жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық нысандары мен құқықбұзушылық қаупі жоғары аумақтарда профилактикалық жұмыстарды жандандыру, рейдтік іс-шараларды жүйелі жүргізу тапсырылды.
Проблемалық аумақтарда жаяу патрульдеуге және учаскелік инспекторлардың тұрғындармен байланысынақатысты нақты шаралар қабылдау керек.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін мектептерде және мектептен тыс ортада буллингтің, өзге де құқықбұзушылықтың алдын алуды жандандыру да – жұмыстың маңызды тармағы.
Тәуекел тобындағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмысты күшейтіп, полиция, білім беру ұйымдары, психологтар мен әлеуметтік қызметтердің бірлескен іс-қимылын үйлестіру қажет.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты органдардың жұмысына талдау жүргізіледі.

Жиын қорытындысында қала және аудан әкімдеріне құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды жандандырып, рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізу міндеттелді.

Алдыңғы пост

Қызылордада 8,8 миллион доллар қай салаға бағытталмақ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

four − one =

Соңғы жаңалықтар

  • ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • Қызылордада 8,8 миллион доллар қай салаға бағытталмақ?
  • Мемлекет үй алуға ақша береді: кімдер үміткер бола алады?
  • «Қазақстан мектептерінде директордың тағы бір орынбасары пайда болады»
  • Есірткі қосылған печенье сатқан қылмыстық топ ұсталды

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылордада 8,8 миллион доллар қай салаға бағытталмақ?

Мемлекет үй алуға ақша береді: кімдер үміткер бола алады?

«Қазақстан мектептерінде директордың тағы бір орынбасары пайда болады»

Есірткі қосылған печенье сатқан қылмыстық топ ұсталды

«Жалдамалы пәтердегі жұмбақ өлім: екі бала көз жұмып, үш адам зардап шекті»

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі