• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 17 ноября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Балабақшадан бастап мамандыққа дейін: білім саласындағы жаңа міндеттер

Балабақшадан бастап мамандыққа дейін: білім саласындағы жаңа міндеттер

17.11.2026
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
715
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылордада «Әділет» партиясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер әйелдер қауымымен кездесіп, партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік сала мен білім беру бағыттарының басымдықтарын таныстырды.


Кездесуге партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Манат Тлеуова, Жанар Бимұратқызы қатысты. Басқосуда отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау, әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру және балаларға сапалы білім беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған Манат Тлеуова әлеуметтік саясаттағы маңызды өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, партия әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға қолжетімді етуді көздейді. Осы мақсатта мемлекеттік төлемдерді тағайындау жүйесін проактивті форматқа көшіру ұсынылып отыр. Яғни, азамат туралы қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың дерекқорында болса, одан қайта өтініш беру талап етілмейді. Бұл әлеуметтік қолдауды рәсімдеуді жеңілдетіп, көмекке мұқтаж адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматты мемлекетке тәуелді ету емес, әр адамның құқығы мен қажеттілігіне сай әділ қолдау көрсету. Көмек шын мұқтаж жандарға уақтылы әрі кедергісіз жетуі керек», – деді Манат Тлеуова.
Үміткер отбасы мен әйелдерді қолдау бағытындағы бастамаларды да атап өтті. Атап айтқанда, отбасын қолдау орталықтарының жұмысы күшейтіліп, әйелдерге көрсетілетін жеке қолдау қызметтерінің жаңа стандарттары енгізілмек. Сондай-ақ баланың дүниеге келген сәтінен бастап кәмелет жасына толғанға дейінгі мемлекеттік қолдау шараларын бір жүйеге біріктіретін цифрлық маршрут қалыптастыру көзделген. Бұл әр баланың жасына және қажеттілігіне қарай тиісті қызметтерді уақытылы алуына жол ашады.
Аға буын өкілдерінің өмір сапасын жақсарту да назардан тыс қалмайды. Осы бағытта үйде әлеуметтік қызмет көрсету, күндізгі болу орталықтары мен патронаждық күтім қызметтерін дамыту жоспарланған.
Кездесуде Қызылорда өңірі үшін маңызы зор тағы бір бастама – мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту тәжірибесі сөз болды. Өңірде пилоттық жоба аясында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде балалардың 71 пайызында оң өзгеріс байқалған. Партия бұл тәжірибені еліміздің өзге өңірлеріне де таратуға ниетті. Бұл, ең алдымен, ерекше күтімді қажет ететін балалардың оңалту қызметтеріне қолжетімділігін арттырып, ата-аналарға көрсетілетін қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Ал білім беру саласындағы басымдықтарды таныстырған Жанар Бимұратқызы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарларды баяндады.
Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда кемінде 79 мың жаңа орын ашу көзделген. Нәтижесінде 2028 жылға қарай балабақша кезегіндегі 2–6 жас аралығындағы балаларды толық қамту жоспарланып отыр. Ал 2031 жылға дейін елімізде 300 мың жаңа оқушы орны ашылмақ. Бұл білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтып, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
«Баланың қай жерде тұратыны оның білім алу мүмкіндігіне шектеу болмауы керек. Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының айырмасын азайтып, әр оқушыға заманауи білім алуға тең мүмкіндік жасау маңызды», – деді Жанар Бимұратқызы.
Осы мақсатта Ұлттық тірек ауыл мектептері желісін құру, ауылдық жерлерде «English ауылда» бағдарламасын іске асыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгізу көзделген. Ал 11-сынып түлектері жыл сайын екі пән бойынша сыртқы тестілеуден өтеді.
Бұдан бөлек, мектеп бітірушілерге аттестатпен қатар жұмысшы мамандығын меңгеру мүмкіндігін беру қарастырылған. Колледждерде дуалды оқыту жүйесі де кеңейтілмек. Бағдарлама бойынша 2031 жылға қарай осы жүйемен қамтылған студенттердің үлесін 45 пайызға жеткізуге қолдау көрсету жоспарланған.
Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік қолдау, балалардың болашағы, білім беру сапасы мен ауылдағы мүмкіндіктерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Үміткерлер көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған бастамалардың өңір тұрғындары үшін маңызын атап өтті.
Кездесу соңында үміткерлер әйелдер қауымын алдағы сайлауға белсенді қатысып, «Әділет» партиясын қолдауға шақырды.
Тапсырыс беруші: Базартай Н.Ж.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Алдыңғы пост

«ИНТИМДІК ҚҰПИЯМЕН ҚОРҚЫТЫП, 3 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ СОТТАЛДЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + seventeen =

Соңғы жаңалықтар

  • Балабақшадан бастап мамандыққа дейін: білім саласындағы жаңа міндеттер
  • «ИНТИМДІК ҚҰПИЯМЕН ҚОРҚЫТЫП, 3 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ СОТТАЛДЫ»
  • КӘУАПХАНАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
  • KYZDAR.NET ІСІ: ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТШАСЫ ГРУЗИЯДАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ
  • ЖҮК ВАГОНЫ БАСЫП КЕТКЕН ТЕМІРЖОЛШЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Балабақшадан бастап мамандыққа дейін: білім саласындағы жаңа міндеттер

«ИНТИМДІК ҚҰПИЯМЕН ҚОРҚЫТЫП, 3 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ СОТТАЛДЫ»

КӘУАПХАНАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

KYZDAR.NET ІСІ: ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТШАСЫ ГРУЗИЯДАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНДЫ

ЖҮК ВАГОНЫ БАСЫП КЕТКЕН ТЕМІРЖОЛШЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

«ЕКІ АЙ АУРУХАНАДА ЖАТҚАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАРАҚАТЫ НЕГЕ ОРТАША ДЕП ТАНЫЛДЫ?»

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі