Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі де күтіп қалды. Тәртіп сақшылары келгенімен, жолды босату үшін нақты шара қолданылмағаны байқалды.
Қалалық полиция департаменті бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіп, азаматтарға құқық бұзушылықтың заңды салдары болатынын ескерткен.
«Жол қозғалысы ережелерін бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары күшейтілді,» – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Кез келген себеппен жолды жабу тек қозғалысқа ғана емес, жедел қызметтердің жұмысын да қиындатады. Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады.