• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 3 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
2,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ИЕЛІК ЕТКЕН МЕРДІГЕР ІЗІН СУЫТТЫ

2,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ИЕЛІК ЕТКЕН МЕРДІГЕР ІЗІН СУЫТТЫ

27.12.2024
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
9
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Таразда 2,5 миллиард теңгенің тендерін ұтқан компания ізін суытты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп құрылысын бастаған компания бес айдан бері ізім-ғайым жоқ. Нәтижесінде 1000-ға жуық оқушының білім алу мәселесі қиындық тудырып тұр, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Тараз қаласындағы №15 мектеп — гимназиясы жанынан 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы осы жылдың жазында басталған. Бірақ басталған іс орта жолда тұралап тұр. Жергілікті билік құрылыс компаниясының басшысын сотқа берген.

Анығы әкімшілік әмиянынан 2 млрд 500 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шартымен мердігер табылады. Білім ошағы құрылысқа жабылады. Сол жабылғаннан әлі күнге дейін қаңырап қалады. Сұрауын сұраған ел алапат құрылыс болса бір сәрі, қосымша құрылыстың аяғына жеткізбеген жергілікті билікке өкпелі.

«Балаларға обал болды. Ең бірінші білім сапасы. Білім сапасы төмендеп кетті қазір. 11-ді бітіретін балалар келесі жылы ҰБТ-ны қалай тапсыратынын ешкім білмейді. Ешкім жауап бермейді. Жауап бергісі де жоқ қазір. Жамбыл облысына бұл ұят нәрсе. Қосымша құрылыс 300 орындық. Соны тоқтатып қою дегенді айта алмаймын», – деп ашынады Тараз қаласының тұрғыны Мұхтар Сенбеков.

Бүгінде мектепсіз қалған балалар қаладағы үш мектепке жіберілген. Бұл қолайсыздық ата-аналардың ашуын тудырып отыр. Басқа білім ошағында үш ауысымда оқыту білім сапасына кері әсер тигізетінін айтады. Биліктен бақылаудың борпылдақ болуынан, бұқара зардап шекті дейді.

«Бұл істің нақты қашан бітерін ешкім айта алмайды. Қазір келісім-шартты бұзуға, аванстық сумманы қайтаруға сотқа бердік. Бірақ алғашқы отырысқа компаниядан ешкім келген жоқ. Сондай-ақ біз жобаға түзету енгіздік. Соған сай келісім-шарттағы суммадан 700 миллионға қысқартқанымызды айта кету керек», – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орымбаев.

Tags: ТаразТендер
Алдыңғы пост

ҚОРШАУЫ ЖОҚ БЕЙІТ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАБІРЛЕР ТАПТАЛЫП ЖАТЫР

Келесі пост

ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛЫП, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАДЫ

Келесі пост
ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛЫП, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАДЫ

ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛЫП, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • 10 адам зардап шеккен: Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
  • Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен TikTok мектебі ашылады
  • «Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды
  • Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті
  • 18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

10 адам зардап шеккен: Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен TikTok мектебі ашылады

«Нәтиже жоқ па, қызметінен кетсін»: Депутат әкімдерге 2 ай сынақ мерзімін беруді ұсынды

Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті

18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен

Білім саласындағы «үлкен олжа»: Мектеп бухгалтерлерінің қылмыстық тобы 4,5 миллиард теңгені қалай жымқырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі