• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
«Закладчиктерге» бостандық берілуі мүмкін: Заң қабылданды

«Закладчиктерге» бостандық берілуі мүмкін: Заң қабылданды

29.12.2024
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
15
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Есірткі жеткізіп сотталған жастар бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Осы қылмысқа қатысты түрмеде отырған 16-30 жас аралығындағы қыз-жігіттердің саны мыңнан асады. Енді олардың жазасы жеңілдейді. Ал, есірткі бизнесінің көркін қыздырған алыптар мен оларды қорғап-қолпаштаған шенділер өмір бойына сотталады.

Бүгінде есірткіні жасырын жерге тығып жүргендердің арасында жастар аз емес. Сондықтан заңда “закладчиктерге” қатысты жазаны жеңілдетуге шешім қабылданды. Атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу әрекеті үшін жаза 10 жылдан 8 жылға дейін, ірі көлемде 12 жылдан 10-ға дейін, ал аса ауыр қылмыс үшін 15 жылдан 12 жылға дейін төмендетіледі. Бірақ мүлiктi тәркiлеу қосымша жазасы ретінде қалады.

Ал есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өндірушілер үшін жаңа 297-1-бапп енгізіледі. Олардың жазасы ауыр болады. Бас бостандығынан айыру мерзімі өмір бойына дейін ұлғайту арқылы күшейтіледі.

Жаңа бапта қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды тұлғалар үшін де жаза қарастырылған. Оған сәйкес, кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

«Бұдан басқа, құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қылмыстық топпен және аса ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік болады. “Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс нормаларына сәйкес, қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылған», – дейді сенатор Наурызбай Байқадамов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 19 мыңға жуық адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр. Оның жартысынан астамы жасөспірімдер. Ал, есепке ілінбегендердің саны 200 мыңнан асып кеткен. Жыл басынан бері Қазақстанда 60-қа жуық зертхана жойылған.

ІІМ қатайтылған заңды қолдайтынын және күшейтілген режимде жұмыс жасайтынын жеткізді.

«Есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге ықпал ету тетіктерін күшейтуге және қоғамда нашақорлықтың алдын алуға неғұрлым сапалы деңгейде мүмкіндік береді. Құқық қолдану практикасында Қылмыстық кодекс болсын, немесе Әкімшілік кодекс нормаларын қолдануда ешқандай проблемалар болмайды», – деді ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов.

Алдыңғы пост

Екі адам ғана тірі қалды

Келесі пост

Жаңа жылды айтудың өзі күнә

Келесі пост
Жаңа жылды айтудың өзі күнә

Жаңа жылды айтудың өзі күнә

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі