Метапневмовирус Қазақстанда да анықталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың таралуына байланысты түсініктеме берді.
«Адам метапневмовирусы – көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды», — делінген хабарламада.
Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі.
Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу процедурасы жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.
Денсаулық сақтау министрлігі жұртшылықты профилактика шараларын сақтауға және көпшілік орындарда байланысты шектеуге шақырды. Бұл әсіресе созылмалы аурумен ауыратын осал пациенттерге қатысты.