Түркістан облысында жансақтау бөлімін оттегімен қамтамасыз етуге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған бұрынғы бас дәрігер мен кәсіпкер сотталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар медициналық жабдықтың құнын негізсіз көтеріп, өздеріне тиесілі компаниялар арқылы сатып алған. Ал жабдықты орнату жұмыстарын басқа ұйым жүргізген.
Осылайша мемлекетке 117 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігіне жылжымайтын мүлік сатып алынып, туысының атына рәсімделген.
Сот үкімімен бұрынғы бас дәрігер 8 жылға, кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Астанадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді.

