Америкалық ММА сарапшысы Джейк Нокер биылғы UFC чемпиондары кім болатынын айтты, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Нокердің сөзінше, чемпиондардың бірі ретінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0) атады. Оны жартылай орта салмақтағы чемпион, америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) жекпе-жек күтуде.
Эксперттің пікірінше, ерлер арасындағы UFC чемпиондарының толық тізімі осы: Алешандре Пантожа, Мераб Двалишвили, Илия Топурия, Ислам Махачев, Шавкат Рахмонов, Хамзат Чимаев, Магомед Анкалаев, Том Аспинэл.