«Damumed» жүйесіне заңсыз кірген 2 адам 1,1 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Олар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халықтың тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 30 қаңтарда Талдықорған қаласының соты оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлігі және 208-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 300 айлық есептік көрсеткіш (1 179 600 теңге) көлемінде айыппұл салды,» – делінген ресми хабарламада.