Қарағандыда жасөспірімнің бензин сіңген киіміне жанып жанып тұрған сіріңке лақтырып жіберіп, өртегендер жазаланбай отыр, деп хабарлайды Kaztoday.kz egovpress-ке сілтеме жасап.
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы Нұрсұлтанға жанған сіріңке лақтырып, оны өртеп жіберген. Бензин сіңген киім бірден тұтанып, бала ауыр күйік жарақатын алған, деп жазған egovpress телеграм арнасында.
Жазбаға сәйкес, оқиға болған сәтте кінәлі жасөспірім көмек көрсетудің орнына, болған жайт туралы ешкімге айтпауды талап еткен. Қатты ауырсынған бала басқа шалбар киіп, үйіне қайтып кеткен.
2024 жылдың қыркүйегінен бері полиция бұл істі сотқа дейін жеткізе алмай отыр. Жәбірленушінің анасы әділдікке қол жеткізуге тырысқанымен, тергеу үдерісі ұзаққа созылуда. Сол уақытта бала тек денесіндегі күйіктен ғана емес, мектептегі қысымнан да зардап шегуде. Себебі кейбір оқушылар оның полицияға жүгінгенін бетіне басып, мазақ етуде.
Жәбірленушілер Бас прокуратурадан тиісті шара қолдануды сұрап отыр.

