• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 7 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Алматы облысындағы әйелдер колониясында 17 бала ауырып қалған

Алматы облысындағы әйелдер колониясында 17 бала ауырып қалған

27.03.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
8
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Құқық қорғаушы Айман Умарованың хабарлауынша, Жауғашты елді мекеніндегі әйелдер түрмесінде 17 бала ауырып қалған, олардың үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жедел жеткізілген, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Балалардың аналары колонияда қалып қойған.

«Бұл – балалар мен олардың аналарының құқықтарын өрескел бұзу деп есептеймін. Аналар балаларын, әсіресе жансақтау бөлімінде жатқан балаларын бірге алып жүруі керек еді. Бізге айтқан сылтауы – аналарды балаларымен бірге ауруханаға алып баруға конвой қызметкерлері табылмаған. Бұл – мүлде жол беруге болмайтын жағдай», — деді Айман Умарова.

Құқық қорғаушы Алматы облысының прокуратурасын, Бас прокуратураны, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігін шұғыл түрде арнайы комиссия құруға шақырды.

«Неге бір мезетте сонша бала ауырып қалды – бұл кездейсоқ жағдай емес. Не инфекция, не улану. Әйел тұтқындар мен олардың балаларының денсаулығына Денсаулық сақтау министрлігі жауапты. Медициналық көмек пен конвой мәселесінде неге проблема туғанын анықтау қажет», — деп атап өтті Умарова.

Бұл жағдайға байланысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасап, 14 баланың ауырғаны туралы ақпарат расталмағанын хабарлады.

«26 наурызда арнайы прокурор, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, ҚАЖ қызметі мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары колонияны тексерді. Балалар сау», — делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметінше, балалар үйінде 63 жазасын өтеп жатқан әйел баласымен бірге тұрады, олардың 14-і – еңбектеп жүрген жас тобындағы балалар.

«22-23 наурыз күндері үш бала Іле аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне энтеровирустық инфекция диагнозымен жатқызылды. Жағдайлары – орташа ауырлықта, оң динамика байқалады. Бір бала алғашында жансақтау бөлімінде болған, кейін инфекциялық бөлімге ауыстырылды. Қазір екі бала аналарының жанында, біреуі – анасы ем қабылдап жатқандықтан, медбикемен бірге», — делінген басқарма ақпаратында.

Балалар үйіндегі барлық бала тексеруден өткен, ауру белгілері анықталмаған.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты амнистия аясында екі мыңнан астам әйел бостандыққа шығуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Дереккөз: ORDA

Фото: Pixabay.

Tags: Алматыәйелдер колониясы
Алдыңғы пост

12 жастағы қыз бала босанған: айыпталушыға үкім шықты

Келесі пост

Таразда музей-қорық кәсіпкерлерді сотқа берді

Келесі пост
Таразда музей-қорық кәсіпкерлерді сотқа берді

Таразда музей-қорық кәсіпкерлерді сотқа берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі