Жамбыл облысында белгісіз біреу мотоцикл жүргізушісіне пышақ сұққан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Оқиға жанармай құю бекетінде болған.
Видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Ішкі істер министрі зардап шеккен мотоциклші шетел азаматы екенін мәлімдеді.
«Жәбірленуші шетел азаматына медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ», — дейді Ержан Сәденов.
Күдікті қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс қозғалды. Министр тергеуді өз бақылауына алды.
Дереккөз: @sputnik_aitady