• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 26 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Бас терісі жарылып кетті»: Қостанайдағы спорт мектебінде 6 жасар баланың басына шам құлап түсті

«Бас терісі жарылып кетті»: Қостанайдағы спорт мектебінде 6 жасар баланың басына шам құлап түсті

16.05.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
32
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Спорт мектебінде жаттығу кезінде 6 жасар баланың басына шам құлап түсті, деп хабарлайды kaztoday.kz.

2025 жылғы 13 мамырда Қостанай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығу кезінде 6 жасар бала Арлан Исмагуловтың басына шам құлап түсті.

Оқиға спорт мектебіндегі балуандар тобында болды. Арлан Исмагулов жаттығу кезінде жүгіріп жүргенде топтағы бір бала допты қатты теуіп жіберіп, ол төбедегі шамды қағып кеткен. Шам құлап, Арланның басына тиіп, оның бас терісі жарылып кеткен.

– Күйеуіме телефон соғып, баланы тез алып кетуін сұраған. Ол барған кезде Арлан қанға малынған күйде болған, бала қатты қорқып, жылаған, – дейді анасы Гүлім Исмагулова HALYQSTAN тілшісіне берген сұхбатында. – Біз шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына барып, ол жақта жараға тігіс салынды. Қазір бейсенбі таңында тағы хирург қабылдауында отырмыз, кезегімізді күтіп отырмыз.

Арланның ата-анасы бұл оқиғаны мектеп ғимаратының құрылысындағы және ішкі әрлеу жұмыстары кезіндегі қателіктермен байланыстырады. Егер шамдар доп жететін жерде орналасса, мұндай жағдайлар тағы да қайталануы мүмкін деп алаңдайды.

Қостанай ауданы, Тобыл қаласындағы спорт мектебінің директоры Дамир Ахтямов қазір сырттағы жарыстарда жүргендіктен, пікір алу мүмкін болмаған. Мектеп меңгерушісінің де ұялы және стационарлық телефондары жауап бермейді.

Исмагуловтар отбасы кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін белгілеуді талап етпек. Сонымен қатар, олар спорт мекетебінің ғимараты балалар үшін жеткілікті қауіпсіз бе деген мәселені де көтермек.

Алдыңғы пост

Шымкентте алтыншы сынып оқушысына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Келесі пост

+59 градус: Қызылордада күннің ыстығынан құстар қырылып жатыр

Келесі пост
+59 градус: Қызылордада күннің ыстығынан құстар қырылып жатыр

+59 градус: Қызылордада күннің ыстығынан құстар қырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалы жаңғыру жолында
  • Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті
  • Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда
  • Көпір құрылысы қайта жанданды
  • Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қазалы жаңғыру жолында

Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Көпір құрылысы қайта жанданды

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі