• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Аралды шегіртке басып жатыр ВИДЕО

Аралды шегіртке басып жатыр ВИДЕО

24.05.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
25
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

 

Желіде Арал аймағын шегіртке басып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Видео авторы «ауыл тұрғындары жұт болады деп дабыл қағуда» деп жазба қалдырған.

https://kaztoday.kz/wp-content/uploads/2025/05/download_C3hhEk2o.mp4

Жағдайға қатысты Арал ауданының әкімдігі жазба жариялады.

«2025 жылдың сәуір айының соңында зиянкестердің алғаш жер бетіне шыққаны тіркеліп, бұл бағытта белсенді жұмыстар басталып кетті. Сәуірдің 27-28 күндері Қарақұм ауылдық округіне қарасты Айдарлы шоқалақ, Ізбанқұмы, Төртқара өңірлерінде, сондай-ақ Сазды ауылдық округіндегі Бәйсембай құмы, Тазша төбе және Ескене өңірлерінде италиялық прустың дернәсілдері анықталды. Одан кейін 2 мамыр күні Аққұм округіндегі Теңізбай құмы мен Айтжантабан өңірлерінен, ал 5 мамырда Қосаман мен Жіңішкеқұм ауылдық округтерінен де зиянкестердің белсенділігі байқалды.
Аталған жағдайлардан кейін көктемгі-жазғы маусымға арналған мониторинг жұмыстары шұғыл түрде басталып, 145,6 мың гектарға жоспарланған аумақтың қазіргі таңда 5,7 мың гектары зерттелді. Осы жұмыстар нәтижесінде нақты өңдеу аумақтары мен техника түрлері анықталып, іске қосылды. Атап айтқанда, Аққұм, Қарақұм, Жіңішкеқұм және Қосаман ауылдық округтеріндегі шаруашылық жерлерінде 5 дана жер агрегаты, Қарақұмда 2 дана аса жеңіл ұшақ, Саздыда 3 дрон көмегімен химиялық өңдеу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 7 742 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары сәтті жүзеге асты.
Жұмыс сапасын арттыру мақсатында техникалық жабдықтау мен мердігерлік қолдау да кеңейтілуде. Бүгіннен бастап мердігер тарапынан АН-2 әуе көлігі қосылып, күрделі рельефті өңірлерді қамтуда. Бұдан бөлек, Сазды ауылында 3 дрон мен 5 РАНС аппараты, Шижағада 2 жер агрегаты мен 5 РАНС аппараты, Тоқабайда 1 жер агрегаты мен 2 дрон, Қосаманда 1 жер агрегаты мен 1 РАНС, Қарақұмда 7 жер агрегаты, 2 дельтаплан және 23 РАНС аппараты жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Аралқұм, Сапақ, Жіңішкеқұм, Бекбауыл ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтар мен мемлекеттік жер қорларында зиянкестерден залалдану деректері тіркелді. Осыған байланысты Сапақ ауылдық округінің Көктем елді мекенінде орналасқан шаруа қожалық жерлерінде 157 гектар аумақ арнайы техникамен өңделді.
Аудан бойынша тіркелген тағы бір ерекше жағдай – Қарақұм ауылдық округіндегі Көкаша елді мекенінде зиянкестердің тұрғын үйлер ауласына дейін кіріп кеткендігі. Бұл елді мекенде 4 үй орналасқан. Қазіргі уақытта бұл аймақ толықтай бақылауға алынып, қажетті шаралар қолданылуда. Қалған ауылдық округ орталықтарында зиянкестердің басып кіру деректері тіркелмеген» делінген әкімдіктің жазбасында.
Tags: Аралшегіртке
Алдыңғы пост

1500-ге жуық шетелдік радикалды ұйым мүшелері Қазақстанға кірмек болған

Келесі пост

Екі адам қайтыс болған: Жетісайда жанармай құю бекетінің басшылары сотталды

Келесі пост
Екі адам қайтыс болған: Жетісайда жанармай құю бекетінің басшылары сотталды

Екі адам қайтыс болған: Жетісайда жанармай құю бекетінің басшылары сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі