Қазақ тазысына қатысты қазақстандықтың патенті жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
2024 жылдың соңында зияткерлік меншік институты қазақстандық азаматқа «Қазақ тазысы ит тұқымы» селекциялық жетістігіне патент берген болатын. Бұл құжатқа сәйкес, тек патент иесі ғана аталған ит тұқымын өндіру, өсіру және сату құқығына ие болған.
Алайда сот барысында патент беру кезінде заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. Себебі тазы тұқымы бұған дейін-ақ тіркеліп қойған. Демек, «Қазақ тазысы» жаңа тұқым болып саналмайды, өйткені ол жаңалық талаптарына сай келмейді және бұл атау патент берілгенге дейін заң жүзінде бекітілген.
Сот шешімімен бұл патент жарамсыз деп танылып, талап қоюшының шағымы қанағаттандырылды.