Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылы жалпы өнімнің көлемі 4 502,9 млн. теңге құрап, жыл басындағы (992,8 млн. теңге) көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есеге өсті.
Биыл аудан диқандары 17 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде күрішті 5636 гектарға екті. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 5 881 га, майлы дақылдар 500 га, картоп, көкөніс, бақша 2164 га, мал азықтық дақылдар 8900 га.
Былтыр 17 029 гектарға егілген егін мерзімінде жиналған болатын. Күріш 6 200 гектарға себіліп, әр гектардан 40,4 центнерден өнім алынып, 26 095 тонна күріш қамбаға құйылды.