• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 3 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

03.08.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Қазалыда теміржол тарихында өзіндік орны бар іргелі мекеме №60 Қазалы жол дистанциясының 120 жылдығына арналған «Ғасырдан да ұзақ жол» атты мерейтойлық салтанатты шара өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, теміржолшыларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен және № 60 Қазалы жол дистанциясының ұжымын 120 жылдық мерейтойымен құттықтады.

-Қазалы ауданының теміржол саласының тарихы тым тереңде жатыр. Ел экономикасының «күре тамыры» саналатын бұл саланың стратегиялық маңызы, ел алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ел тарихындағы бұл алғашқы темір жолдың аудан үстінен қиып өтетіні қазалылықтар үшін де зор мәртебе. 1905 жылдан бастап теміржол бойында жұмыс жасап келе жатқан іргелі мекеме №60-шы Қазалы жол дистанциясының құрылғанына биыл 120 жыл толып отыр. Бүгінде Қазалы жол дистанциясы Аралқұм станциясынан Жалағаш ауданындағы Қаракеткен станциясына дейінгі аралықта теміржолдарға күнделікті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай, еселі еңбектің көркін қыздырып, ел экономикасын еселеуге үлкен үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз, — деді Жалғас Оңғарұлы.

Мерекелік шара барысында Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары марапат төрінен көрініп, оларға облыс әкімінің және аудан әкімінің міндетін атқарушының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының «Алғыс хаттары» табысталды. Сондай-ақ №60-шы Қазалы жол дистанциясының зейнеткері Марат Ахметуллаевқа Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен бірқатар мекеме қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Мұнан соң Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы Қызылорда магистралдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов сөз сөйлеп, №60-шы Қазалы жол дистанциясының 120 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары теміржолшыларға әсем ән мен керемет қойылымдарын арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы пост

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Келесі пост

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Келесі пост
Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты
  • Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды
  • Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Теміржолшылар құрметке бөленді

Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі