• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 22 февраля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады

Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады

22.02.2026
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, енді жекеменшік мектептердің жұмысы мемлекеттік білім беру стандарттарымен толық сәйкестендіріліп, бірыңғай талап бойынша бақыланады. Барлық процестер цифрландырылып, мектептердің қызметі ашық әрі заң аясында жүргізілуі қадағаланады. Соның нәтижесінде талапқа сай жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының бірыңғай тізімі жасақталады.
Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Кейбір кәсіпкерлер мектепті білім беруге мүлде сәйкес келмейтін ғимараттарда – қойма, монша сынды нысандарда ашқан. Жекелеген жағдайларда оқушылар тек құжат жүзінде тіркеліп, сабақ өткізілмегені белгілі болды. Сонымен қатар міндетті пәндер толық оқытылмай, оқу бағдарламасы сақталмаған.
Министрлік талаптарды орындамаған мектептерді мемлекеттік қаржыландырудан шеттетеді. Бюджет қаражаты тек материалдық базасы талапқа сай, білікті педагогтары бар және оқу бағдарламасын толық орындайтын білім ошақтарына ғана беріледі.
Сондай-ақ министр жекеменшік мектептерге қатысты жалған ақпарат тарататын және делдалдық қызмет ұсынатын күмәнді ұйымдарға сенбеуге шақырды. Ресми ақпаратты тек уәкілетті органдардан алу қажет екенін ескертті.
Айта кетейік, бұл жекеменшік мектептердің қызметіне қатысты талаптарды күшейту жөніндегі алғашқы мәлімдеме емес. Министрлік саладағы тәртіпті жүйелеуді жалғастыра бермек.

Алдыңғы пост

Әскери бөлімде күш қолдану дерегі тіркелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады
  • Әскери бөлімде күш қолдану дерегі тіркелді
  • Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты
  • Әйелін күштеп әкеткендер сотталды
  • Сабалақ саяжайына газ берілді

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады

Әскери бөлімде күш қолдану дерегі тіркелді

Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты

Әйелін күштеп әкеткендер сотталды

Сабалақ саяжайына газ берілді

Оқушы назарын білімге бұру: мектептерде смартфонға жаңа тәртіп енгізілмек

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі