Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйінде» ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынға Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбеков және өңірдің бірқатар беделді азаматтары қатысты.
Кездесуде Конституциялық реформа барысы талқыланып, 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумның маңызы атап өтілді. Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасында мемлекеттің біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалғанын жеткізді.
Жиында сөз алған ардагерлер мен қоғам қайраткерлері жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңа жобаларды жүзеге асыруда ардагерлердің ақыл-кеңесінің маңызы ерекше екені айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында жаңа перзентхана, емхана және көпбейінді аурухана салынатынын мәлімдеген болатын. Жуырда аталған нысандардың құрылысы басталды.
