• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 28 февраля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?

Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?

28.02.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
8
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылордада қар астында қаңтарылып, қараусыз қалған ондаған автобус – облыс бюджеті үшін ауыр салмақтың символына айналды. Әрқайсысы шамамен 300 мың АҚШ долларына түскен бұл техникалардың бүгінде істен шығып, ашық аспан астында тозып жатқаны қоғамда үлкен сұрақ туғызуда. Миллиондаған доллардың қаржысы желге ұшқандай әсер қалдырады. Бұл – кемінде жауапсыздық, ал нақтысын айтқанда, сыбайлас жемқорлық белгілері бар жағдай деген пікірлер айтылуда.
Жоба қалай басталды?
2013 жылы Қызылордада «Қалалық жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы басталғаны жарияланды.
Жобаның жалпы құны – 27,11 млн АҚШ доллары.
2013 жылғы 20 желтоқсанда:
Қызылорда облысының әкімдігі,
«Байқоңыр» ӘКК» АҚ,
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС
және
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)
арасында жобаны қолдау туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар «Қызылорда автобус паркі» ЖШС мен ЕҚДБ арасында несие шарты жасалды.
Несие шарттары:
мерзімі – 10 жыл
жеңілдік кезеңі – 3 жыл
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4,5% (ЖТСМ – 5,12%)
Автобустар жеткізілімі неге созылды?
Жоба іске аса бастаған сәттен-ақ қиындықтар туындады. Автобустарды жеткізу 43 аптаға кешікті. Себебі – техниканы сертификаттау қажеттілігі.
ТР ТС 018/2011 талаптарына сәйкес ОТТС сертификатын алу керек болды. Қазақстанда аккредиттелген зертханалар болмағандықтан, сынақтар Ресейдегі Дмитров автополигонінде жүргізілді. Бұл қосымша ұйымдастыру және логистикалық шығындарға алып келді.
Жалпы саны 92 автобус үш кезеңмен жеткізілді.
Несие бойынша төлемнің жалпы сомасы:
23 331 256,20 АҚШ доллары,
оның ішінде
4 531 256,20 АҚШ доллары – сыйақы.
Бір автобустың бастапқы құны (2014 жылғы бағаммен) шамамен:
194 076 АҚШ доллары
немесе
35,3 млн теңге (1 USD = 182 теңге).
Айта кету керек, сол кезеңде ұқсас санаттағы автобустарды 70–80 мың доллар шамасында алуға болатын еді деген пікірлер бар.
Валюта бағамы жобаны қымбаттатты
Бастапқыда жоба құны теңгемен 4,17 млрд теңге деп бағаланған.
Алайда 2014–2024 жылдар аралығында доллар бағамы 153,8 теңгеден 450 теңгеге дейін өсті. Соның салдарынан несие бойынша төлем көлемі теңгемен 9 млрд теңгеден асты (9,088–9,135 млрд теңге).
Бағам өсімі – 292,6%.
Нәтижесінде:
Бір автобустың нақты құны 2024 жылғы есеппен
99 292 512 теңге
немесе
220 674 АҚШ доллары (1 USD = 449,95 теңге) болды.
Қосымша шығындар
Кешігуге байланысты:
ЕҚДБ тарапынан 139 945,44 АҚШ доллары көлемінде резервтеу комиссиясы есептелді.
Жеткізу мерзімінің бұзылуы мен сертификаттау шығындары қосымша қаржылық жүктеме тудырды.
Валюталық тәуекелдер ескерілмеген.
Ең үлкен стратегиялық қателік-несиені АҚШ долларымен рәсімдеу болды деген пікір бар. Ұлттық валюта әлсіреген кезде жоба құны еселеп өсіп кетті.
Бюджетке ауыр салмақ
Аталған факторлардың жиынтық әсері Қызылорда облысының бюджетіне айтарлықтай қаржылық жүктеме түсірді. Нәтижесінде миллиардтаған теңге жұмсалған автобустар бүгінде толық қуатында жұмыс істемей, кейбірі қараусыз қалғаны қоғам наразылығын күшейтіп отыр.
Құзырлы органдар тексеріс жүргізуі тиіс
Бұл мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасына ресми өтініш әзірленіп жатқаны хабарланды. Қоғам өкілдері кінәлі тұлғалар анықталып, заң аясында жауапқа тартылуы қажет деп санайды.
«Заң мен тәртіп» қағидасы жарияланған жағдайда, кез келген лауазымды тұлға- атқарған қызметіне, атақ-дәрежесіне қарамастан-жауап беруі тиіс.
-Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты.

Алдыңғы пост

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?
  • АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
  • Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады
  • Әскери бөлімде күш қолдану дерегі тіркелді
  • Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сабақ өтпей, қаржы алғандар жауапқа тартылады

Әскери бөлімде күш қолдану дерегі тіркелді

Жетісу облысында баласына зорлық көрсеткен анаға қатысты сот шешімі шықты

Әйелін күштеп әкеткендер сотталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі