• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 17 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды

Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды

17.04.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
12
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазалы ауданында балалардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейту бағытында маңызды көшпелі комиссия отырысы ұйымдастырылды. Аталған жиын М.Матаев атындағы №170 мектеп базасында өтіп, оған аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Комиссия отырысына Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Даурен Тлеумбетов, аудандық прокуратураның прокуроры Еркебұлан Қанатбек, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев, сондай-ақ сала басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды саралау, өзекті мәселелерді талқылау және алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындау болды.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, М.Матаев атындағы №170 мектепте оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, Қазалы ауданындағы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың жай-күйі, білім беру ұйымдарында тәртіпті сақтау мен оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.
Отырыста комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау ісінде барлық мүдделі мекемелердің өзара байланысын күшейту қажеттігі айтылды.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Даурен Оңғарбайұлы бүгінгі таңда көтерілген мәселелердің маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. Ол балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жас ұрпақтың болашағы үшін мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары бірлесе жұмыс істеуі тиіс екенін жеткізді.
Сондай-ақ, комиссия барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау қажеттігі тапсырылды.
Айта кетейік, мұндай көшпелі комиссия отырыстары өңірдегі білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жандандырып, балалар құқығын қорғау бағытындағы жүйелі шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Қызылордада заманауи жылу-электр орталығы іске қосылды

Келесі пост

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Келесі пост
Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.
  • «AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.
  • Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті
  • Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды
  • Қызылордада заманауи жылу-электр орталығы іске қосылды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

«AMANAT» партиясы депутаттары Қызылордадағы құрылыс алаңдарын аралады.

Қызылордада «AMANAT:TULGALAR» жобасы басталды: алғашқы кездесу Сайлаубай Әбішұлымен өтті

Қазалыда оқушылар қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбие мәселесі қаралды

Қызылордада заманауи жылу-электр орталығы іске қосылды

Жамбыл облысында жасөспірімнің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі