• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 16 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған сарбаз табылды

Әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған сарбаз табылды

19.08.2026
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
904
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында қызмет орнын рұқсатсыз тастап кеткен мерзімді әскери қызметші табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаздың мұндай шешім қабылдауына туған үйіне деген сағынышы себеп болған.

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының хабарлауынша, Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А.Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырымдай қашықтықта анықталған. Кейін ол әскери полиция бөліміне жеткізілді. Сарбаздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру басталды. Мамандар әскери қызметшінің бөлімнен кетуіне не түрткі болғанын және оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.
Алдын ала деректерге сүйенсек, сарбаз қызмет орнын үйін сағынғандықтан тастап кеткен. Тексеру кезінде ол командирлері немесе бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғы талаптарына қайшы әрекеттер мен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану жағдайлары болмағанын айтқан.
2004 жылы туған мерзімді әскери қызметші 23 шілде күні шамамен сағат 06:30-да әскери бөлім аумағынан кеткен. Сол уақытта ол тәуліктік кезекшілік құрамында болып, зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында күндізгі кезекшінің міндетін атқарған. Әскери бөлімнен шыққан кезде оның қолында қару болмаған.
Жауынгерді іздеуге әскери полиция мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. Бірлескен іздестіру нәтижесінде сарбаз табылды. Қазір құзырлы органдар оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

Алдыңғы пост

12 жастағы қыздың бет сүйегі сынған: Ақтөбеде полиция курьерді іздестіруде

Келесі пост

«Үйінде қамалып, бірнеше күн аш отырған: 86 жастағы кейуана құтқарылды»

Келесі пост
«Үйінде қамалып, бірнеше күн аш отырған: 86 жастағы кейуана құтқарылды»

«Үйінде қамалып, бірнеше күн аш отырған: 86 жастағы кейуана құтқарылды»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

four × one =

Соңғы жаңалықтар

  • «Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр
  • Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр
  • Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті
  • Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
  • «Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр

Алтын адамның киімін қалпына келтірген этнодизайнер Астанада шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Денсаулық сақтау министрі өз ағзаларын донорлыққа беруге рұқсат етті

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі