22 шілдеде болған қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Марқұмның туыстарының мәліметінше, қылмыс үш жасар қыздың көз алдында жасалған. Оқиғадан кейін бүлдіршін анасының жансыз денесінің қасында шамамен бір жарым тәулік бойы жалғыз қалған. Күдікті төрт күннен кейін ұсталған.
Полицияның хабарлауынша, тұрмыстық жанжал барысында әйелді өлтірді деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
