• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Депутат Перуашев «Штрафстан» деп айтқаны дұрыс болмағанын мойындады

Депутат Перуашев «Штрафстан» деп айтқаны дұрыс болмағанын мойындады

29.01.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
52
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Штрафстан» деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Депутат Президенттің сөзі өте орынды екенін айтты.

«Президентпен толықтай келісемін. Расында да, біз өз елімізді сыйлауымыз керек. Шетелдік инвесторларды, туристерді шақырған кезде оларды не үшін шақырып отырмыз? Елімізді мақтау үшін бе, жамандау үшін бе? Әрине, бұл жерде Президенттің сөзі өте орынды. Әрі қарай да біз сол жолдан таймауымыз керек», — деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер «Бұдан былай Штрафстан деп айтасыз ба?» деп нақтылады.

«Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми сөзді қолдануға міндеттіміз. Енді әрі қарай сабақ болсын. Мен ол жерде кішкене басқаша айттым ғой. Мен айыппұл бойынша жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болу керек туралы айтқанмын. Сондықтан мына терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол рас. Мойындап отырмын. Негізгі көзқарасым солай қалды. Меніңше, жазалау деген ауыртпашылықпен сәйкестігі болуы қажет деп санаймын», – деп түсіндірді Азат Перуашев.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанымен келісетінін жеткізді.

«Елімізді жақсы көруіміз керек. Себебі бұл біздің Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз туралы айтқан кезде оны басқалары қалай қабылдайтынын ескеруіміз қажет. Мәселені көтеріп, оны шешу жолдарын талқылау бір бөлек, бұл мәселені мемге айналдыру басқа нәрсе. Президент тек депутаттар туралы ғана емес, блогерлер мен қоғамдық қайраткерлер туралы айтқанын атап өту керек. Біз шетелдік инвесторлар мен туристердің елге келгенін қалаймыз. Олар нашар елге бармайды. Олар өзіне құрметпен қарайтын, мақтан тұтатын елге барады», — деді Мәжіліс депутаты.

Бұған дейін Президент «Қазақстанға лақап ат қою — ақылға сыймайтын нәрсе» екенін айтқан болатын.

Tags: ПеруашевШтрафстан
Алдыңғы пост

Бірінші сынып оқушылары қосымша 7 күн демалады

Келесі пост

«Баға 40 пайызға дейін артуы мүмкін»: Бензин 320 теңге бола ма?

Келесі пост
«Баға 40 пайызға дейін артуы мүмкін»: Бензин 320 теңге бола ма?

«Баға 40 пайызға дейін артуы мүмкін»: Бензин 320 теңге бола ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі