• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
2025 жылы алтын бағасы өсе ме?

2025 жылы алтын бағасы өсе ме?

30.01.2025
айдар: Экономика, Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
49
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

2024 жыл алтынға инвестиция жасағандарды қуантқан жыл болды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Өйткені кейінгі он жылда мұндай өсім болмаған. Қаңтар мен желтоқсан аралығында бұл қымбат металл бағасы долларға шаққанда 30 пайызға қымбаттаған. Бұл қарқын 2025 жылы жалғаса ма? Аналитиктер қандай болжам жасап отыр? Осы туралы айтайық.

Эксперттер мен нарық қатысушыларының болжамына қарасақ, алтын бағасы биыл да былтырғы қарқынды сақтап, өсе беруі мүмкін. Goldman Sachs бен Bank of America банкирлері бір унция бағасы 3 мың доллардан асып жығылуы мүмкін деп отыр. Ал алтынға қатысты Дүниежүзілік кеңес болса, қымбат металл бағасы өскенімен, дәл 2024 жылдағыдай қарқын болмайды деген болжам жасаған.

Жалпы алғанда сарапшылардың сөзіне сүйенсек, алтын бағасының динамикасы АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатына, Таяу Шығыс пен Украиндағы ахуалға және дамушы елдердің Орталық банктерінің әрекеттеріне байланысты болады дейді.

Былтыр жыл аяқталар тұста Bank of America (BofA) алтын бағасы 2025 жылы қалай болуы мүмкін екеніне болжам жасаған еді. BofA аналитиктерінің ойынша, бір унция 3 мың доллар тұратын күнге таяп келеміз. Бірақ инвесторларға темірдей төзім керек екен.

Өйткені бұл шамаға жеткенше кемінде жарты жылдай уақыт қажет деседі. BofA-ның металдар нарығына қатысты болжам жасайтын бас сарапшысы Майкл Видмердің сөзіне сүйенсек, «әзірге инвесторларды жаппай нарыққа оралуға итермелейтін анық бір факторларды атап өту қиын». Банк экономистері жыл басында алтын бағасы аса өспеуі мүмкін.

Себебі Қытай тарапынан сұраныс соншалықты көп емес. Ал батыстық инвесторлардың назарына алтыннан гөрі мөлшерлемесі жоғары облигациялар мен күн санап қымбаттап жатқан долларда болып тұр. «Әрі қазіргі уақытта Дональд Трампның әкімшілігі саясатты экономикалық өсім қарқынын күшейтуге бұрып, инфляцияны жеделетіп жіберуі мүмкін. Осылайша доллар курсы күшейеді. Осылай жалғаса берсе, онда инвесторлар алтын алуға онша қызықпай қалуы мүмкін» дейді BofA аналитиктері.

Одан қала берді макроэкономикалық ахуал да қазір түсініксіз. Бюджет және салық саласындағы жағдай да бұлыңғыр болып тұр. Шетелдік Орталық банктерде Американың мемлекеттік облигациялары айтарлықтай көп. Десе де, бюджет және салық саласындағы ахуалға байланысты олар қоржынындағы алтын валютасын әртараптандырып, жаңадан алтын алуы әбден мүмкін.

Дереккөз: Курсив

 

Tags: алтынбаға
Алдыңғы пост

Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды

Келесі пост

Атырауда ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі кінәлілердің жазалануын талап етті

Келесі пост
Атырауда ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі кінәлілердің жазалануын талап етті

Атырауда ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі кінәлілердің жазалануын талап етті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі