• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған күдікті қашып жүрген кезінде Қырғызстанда кісі өлтірген

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған күдікті қашып жүрген кезінде Қырғызстанда кісі өлтірген

03.02.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
23
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстанда 15 млрд теңге көлемінде қаржылық пирамида құрған басты күдікті қашып жүрген кезінде Қырғызстанда кісі өлтіріп, кейін экстрадицияланды, деп хабарлайды Kaztoday.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржылық пирамида құру және оны басқару бойынша айыпталуда. Аталған топ 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында QI-Trade қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4 700-ден астам салымшының 15 млрд теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген», – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыстық топтың кейбір мүшелері сотталып, әртүрлі жазаға тартылған. Ал басты күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Іздеуде жүрген күдікті Қырғызстан аумағында кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша, ол уақытша Қазақстанға экстрадицияланды. Қаржылық пирамида құру және оны басқару бойынша сот үкімі шыққаннан кейін Қырғыз Республикасына қайта жіберіледі. Осылайша, күдікті Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылғаннан кейін, көрші елдегі қылмысы үшін де жазасын өтейтін болады», – деп түсіндірді Бас прокуратура.

Қылмыстық кодекске сәйкес, аталған қылмыстар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

«Бұған дейін Бас прокуратура осы қылмыстық топтың екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялаған болатын. Олар сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деп мәлімдеді қадағалаушы орган.

 

Фото: ҚР БП баспасөз қызметі

Tags: Қазақстанқаржы пирамидасыҚырғызстан
Алдыңғы пост

Оралда 25 жыл бұрын адам өлтіргендер қолға түсті

Келесі пост

2025 жыл басынан бері тәркіленген қарудың бір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болып шықты

Келесі пост
2025 жыл басынан бері тәркіленген қарудың бір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болып шықты

2025 жыл басынан бері тәркіленген қарудың бір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болып шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі