• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 9 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Қудалауды тоқтатыңдар»: Қармақшы ауданы №121 мектеп қызметкерінің отбасы ауыр жағдайда

«Қудалауды тоқтатыңдар»: Қармақшы ауданы №121 мектеп қызметкерінің отбасы ауыр жағдайда

08.02.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2.2k
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қармақшы ауданының №121 мектебінде жұмыс істейтін техникалық қызметкердің отбасы ауыр жағдайға тап болды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

2018 жылы мектеп қызметкері өндірістік жарақат алып, мүгедектікке шыққан. 2024 жылы ол тағы да жұмыс орнында екінші рет жарақат алып, қазіргі уақытта аудандық ауруханада төсек тартып жатыр. Дегенмен, еңбек жарақаты бойынша тиісті өтемақыны алу мәселесі үлкен қиындықтарға тап болған.

Гульсим есімді желі қолданушысы мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімі жауапкершіліктен жалтарып, қаржылық төлемнің тек сот арқылы шешілетінін алға тартып отырғанын жазды.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс орнында жарақат алған қызметкерлерге тиісті өтемақы төленуі тиіс. Алайда, жарақат алған қызметкердің жұбайы, сегіз баланың анасы, өз құқығын қорғау үшін заңгер жалдап, сот органдарына жүгінуге мәжбүр болды. Бірақ сот жүйесіндегі бюрократия процесті созып, әділетті шешімге жетуді қиындатып отыр.

Жарақат алған қызметкердің жұбайы өз жұмысын жалғастырып жүргенімен, ол мекеме тарапынан психологиялық қысымға ұшырап отыр. Мектеп директоры мен шаруашылық бөлім басшысы оған әртүрлі себептермен ескерту жасап, жұмысын қиындатуға тырысқан. Бұл әрекеттер көпшіліктің наразылығын тудырып отыр. Желіде «қиын жағдайда қалған қызметкерге көмектесу орнына оны қудалау орын алуда» деген пікірлер таралуда.

Қызметкердің өтемақы алуға берген арызын қарастырған Қармақшы аудандық білім бөлімі қателіктерге толы құжат әзірлеген. Атап айтқанда, қызметкерге тиесілі 40%-дық өтемақы нақты көрсетілмеген. Ал құжаттың өзі басқа мектептің (№30 мектеп) атымен басталып, кейін №121 мектепке қатысты жалғасқан. Ал, мөр орнына үшінші бір мектептің мөрі қойылған. «Мұндай қателіктер білім беру мекемелеріндегі басқарушылық сапаның төмендігін және жауапсыздықты айқын көрсетеді», – дейді желі қолданушылары.

Гули Гул (Гульсим) есімді автор кәсіподақ ұйымдарының әрекетсіздігін де айтқан. Мекемеде кәсіподақ (профсоюз) ұйымдары жұмыс істейді, бірақ олардың негізгі міндеті – қызметкерлердің құқықтарын қорғау болса да, бұл жағдайға араласпаған. «Кәсіподақ тек ай сайынғы жарна жинаумен шектеліп, қызметкерлердің мүддесін қорғауға құлықсыздық танытып отыр» дейді жазба авторы.

Жұмыс жарақатының ақысын сот арқылы алу мүмкін екені айтылса да, сот органдары арызды түрлі себептермен қабылдамай отыр. Қазіргі уақытта заңгерлер көмегімен мәселе сот арқылы шешілуде.

Tags: Қармақшықудалауөндірістік жарақат
Алдыңғы пост

«Басыңды жұлып тастаймын. Көп болса жұмыстан кетермін»: Қызылордалық шенеунік желіде пікір жазған тұрғынға қоқан-лоқы көрсеткен

Келесі пост

Алматы-Өскемен: Жол апатынан 4 адам мерт болды

Келесі пост
Алматы-Өскемен: Жол апатынан 4 адам мерт болды

Алматы-Өскемен: Жол апатынан 4 адам мерт болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті
  • «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті
  • Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды
  • Облыс әкімі Қызылордадағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысын көрді
  • «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды

Облыс әкімі Қызылордадағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысын көрді

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрмесі өтті

«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі