Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
ҚР ТЖМ Жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды.
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
«Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кейінірек Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, Жомарт шахтасына жедел медициналық көмектің үш бригадасы жөнелтілді.
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
«Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды», — делінген хабарламада.
Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.