• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Атырауда кәсіпкерге 37 млрд теңге айыппұл салынған: ол оны 3700 жыл төлейді

Атырауда кәсіпкерге 37 млрд теңге айыппұл салынған: ол оны 3700 жыл төлейді

24.02.2025
айдар: Қоғам, Бизнес
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Атыраулық кәсіпкер Мұрат Ниязовқа 37 миллиард теңге айыппұл салынған. Ол бұл айыппұлды 3700 жыл төлейді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода бұл әлемдегі ең үлкен айыппұл екені айтылған. Tengrinews.kz мәліметінше, атыраулық кәсіпкер Мұрат Ниязовқа 37,4 миллиардтеңге айыппұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін салынған. 42 жастағы кәсіпкер мұнай қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын кәсіпорынның иесі. Бірінші сатыдағы сот «Oxygenator» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зиянды мұнай қалдықтарын тиісті экологиялық рұқсатсыз жинау арқылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзғанын анықтады. Нәтижесінде компанияға 328-бап «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормаларын бұзу» бойынша 37,4 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Кәсіпкер Мұрат Ниязов өз компаниясына салынған айыппұлмен келіспейтінін айтып, істің мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, 2019 жылы құрылған компания мұнай қалдықтарын басқару және кәдеге жарату саласында жұмыс істейді.

— Бізде патент бар. Мұнай қалдықтарын, бұрғылау шламдарын, бұрғылау сұйықтықтарын залалсыздандыру технологиясын жасадық. Бұл әдіс кеңестік кезеңнен бері белгілі және өте қарапайым. Біз бұл қалдықтарды сөндірілмеген әкпен өңдейміз. Біздің патентке сәйкес, химиялық реакция нәтижесінде олар техногендік топыраққа айналады. Оны жол құрылысында пайдалануға болады, яғни қалдықтың қауіптілік деңгейі іс жүзінде жойылады, дейді кәсіпкер.

Алайда, кәсіпкердің сөзінше, оған жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін айып тағылған.

— Тәуелсіз экологиялық сараптамалар біздің полигоннан ешқандай зиян заттар шықпағанын анықтады. Барлығы белгіленген нормаларға сәйкес болды. Қалдықтар 4,5 гектар аумақта орналасқан арнайы алаңдарда сақталды және залалсыздандырылды. Полигонда сұйық мұнай қалдықтары мен бұрғылау ерітінділеріне арналған бірнеше арнайы карталар бар, сондай-ақ рекультивациялық алаң орналасқан, дейді Мұрат Ниязов.

2023 жылдың күзіне қарай бірінші инстанциядағы сот кәсіпорынды қомақты айыппұл төлеуге міндеттеді. Айыппұл уақытша қалдықтарды жинауға арналған лимиттің болмағаны үшін салынған. Кәсіпкер бұл шешіммен келіспей, Жоғарғы сотқа жүгінді. Енді ол жақын күндері түпкілікті шешімді күтуде.

Кәсіпкер айыппұл көлеміне қатысты пікір білдірді.

— Мен жыл сайын ең көп дегенде 10 миллион теңге төлей аламын. Ал 37 миллиард теңгені өтеу үшін шамамен 3700 жыл қажет болады, деді ол.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдірді. Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы тексеру барысында Атырау облысының экологтары кәсіпорын тарапынан ауыр заңбұзушылықтарды анықтаған.

— 2022 жылдан бері кәсіпорын ашық алаңдарда 13 мың тоннадан астам қауіпті мұнай және басқа да қалдықтарды жинақтаған. Бұл тексеру табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша жүргізілді. Осы уақытқа дейін бұл қалдықтар жойылмаған. Экологиялық нормалардың бұзылуына байланысты Oxygenator ЖШС-не әкімшілік айыппұлдар салынды. Кейбір айыппұлдар кәсіпорын тарапынан мойындалып, ерікті түрде төленді. Алайда негізгі заңбұзушылық – экологиялық рұқсатсыз қауіпті қалдықтарды жинақтау, делінген жауапта.

Tags: АйыппұлАтырауштраф
Алдыңғы пост

Қазақстанда жұмыссыздар саны ресми статистикадан әлдеқайда көп – Halyk Finance

Келесі пост

Байқоңырда арнайы қызметтер қылмыстық топты әшкереледі

Келесі пост
Байқоңырда арнайы қызметтер қылмыстық топты әшкереледі

Байқоңырда арнайы қызметтер қылмыстық топты әшкереледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі