Нархоз университетінде бизнес-тренер Айка Алемидің дәрісі студенттер арасында үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Шақырылған спикер студенттерге медитация элементін ұсынып, оларға «лә илләһә ил аллаһ» фразасын қайталауды ұсынған. Бұл жайттың видеосы желіде тарап, қоғамда қызу пікірталас туғызды.
Студенттердің пікірінше, лектор лекция барысында діни тақырыптарды қозғап, студенттерден әшекейлерін шешіп, медитация жасауын сұраған. Көпшілік бұл әрекетті университет қабырғасында орынсыз деп тапты.
Айка Алеми өзінің сөздерінде діни насихат болмағанын, бұл тек өзіндік даму тәжірибесі екенін алға тартты. «Бұл – медитация, әртүрлі дәстүрлерден алынған жаттығу. Студенттер ерікті түрде қатысты», – деді ол.
Нархоз университетінің басшылығы оқиғаға қатысты кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін қонақ дәрістеріне қойылатын талаптарды күшейтетінін мәлімдеді.
Дереккөз: BES.media