• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Аптасына бір рет монша, әжетхана – далада»: Мәжіліс депутаты әйелдер түрмесі туралы айтты

«Аптасына бір рет монша, әжетхана – далада»: Мәжіліс депутаты әйелдер түрмесі туралы айтты

17.03.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
17
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова балалар мен әйелдер колонияларының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Ол бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдер түрмелеріндегі жағдайды қайта қарау және амнистия жоспары туралы тапсырмасына пікір білдіре отырып айтты.

Ирина Смирнова Алматыдағы кәмелетке толмаған ұлдар жазасын өтейтін балалар колониясына бір қоғамдық қордың негізін қалаушысымен бірге барғанын еске алды.

«Мен оның балаларға көмектесуге деген ықыласын көрдім. Ол оларға бәрін өзгертуге, түзетуге болатынына сенім ұялатты. Бостандыққа шыққан соң жақсы өмір сүруге үміт берді. Өкінішке қарай, көпшілігінің қайда барарын білетін жері болмады. Олар еркін өмірде де ешкімге керек болмағандықтан түрмеге түсті. Оның сенімі мен қолдауы кейбір балаларға қатыгез болмауға, рецидивистке айналмауға, қоғамда өз орнын табуға көмектесті», – деп жазды депутат.

Ол осы қоғам белсендісімен бірге Алматы маңындағы әйелдер түрмесінде бірнеше рет болғанын да айтты.

«Бұл түрме 1934 жылы салынған. Сол кездегі барақтар әлі күнге дейін қолданыста. 50 орындық үлкен бөлмелер бар. Егер қателеспесем. Монша – аптасына бір рет. Әжетхана – далада. Бұл сұмдық жағдай. Түрмедегі балабақша туралы бөлек әңгіме. Бұл өте ауыр. Балалар түрмеде, бірақ аналарының қасында. Үш жасқа дейін. Ал одан кейін – тағдыры қалай болатыны белгісіз. Сондықтан мен Мемлекет басшысының бұл мәселені көтергенін толығымен қолдаймын – алдағы өзгерістер мен амнистия мүмкіндігін. Өзгерістер жақын арада келеді деп үміттенемін», – деді Ирина Смирнова.

Еске сала кетсек, Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаевқа белгілі адвокат Айман Омарова әйелдер колонияларындағы жағдай туралы хат жолдаған. Ол әсіресе жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар аналардың жағдайына ерекше назар аударды.

«Гуманизм қағидаттарына сүйене отырып және „Заң мен тәртіп“ қағидатын бұзбай, біз кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты заңдық тәсілдерді қайта қарауымыз керек. Құқық қорғау органдары мен депутаттар бұл мәселені мұқият зерттеп, оны шешу бойынша ұсыныстар енгізуі қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Дереккөз: Orda

Tags: ӘйелдерколонияТүрме
Алдыңғы пост

Тұрғындар дабыл қағуда: Ақтау әкімдігі ыстық су жүйесіне ескі әрі денсаулыққа қауіпті құбырлар тартпақшы

Келесі пост

Мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірген

Келесі пост
Мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірген

Мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі