Әскери қызмет туралы заңға резервистердің құқықтары мен міндеттерін нақтылайтын өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Әскери қызметшілер үшін «әскери резервист» деген жаңа мәртебе енгізілді. Бұл – тұрақты түрде армияда қызмет етпейтін, бірақ әскери резервте тұрған азаматтар. Олар мерзімді түрде әскери дайындық жиындарына шақырылады. Мобилизация немесе әскери жағдай жарияланған жағдайда резервистер автоматты түрде шартты әскери қызметке (контракт) өтеді.
Сонымен қатар, жас шектеулері белгіленді:
- Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар үшін – 50 жасқа дейін;
- Офицерлер үшін – 60 жасқа дейін.
Жаңа заңға сәйкес, Еңбек кодексіне де өзгерістер енгізілді – енді резервистер әскери жиындарға қатысқан кезде олардың жұмыс орны сақталады.
Дереккөз: ORDA