• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Қазақстан Ыстықкөлдегі пансионаттардан айырылып қалуы мүмкін

Қазақстан Ыстықкөлдегі пансионаттардан айырылып қалуы мүмкін

15.04.2025
айдар: Саясат, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
33
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан жалға алып отырған Ыстықкөлдегі төрт демалыс аймағы келісім шарттарының орындалмауы жағдайында Қырғызстанның меншігіне қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бұл туралы «Орда» Kaktus Media-ға сілтеме жасап хабарлады.

14 сәуір күні Жогорку Кенештің халықаралық істер жөніндегі комитеті үш оқылымда шарт талаптарын өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады.

Қырғызстанның экономика және коммерция вице-министрі Искендер Асылкуловтың айтуынша, екі ел үкіметтері арасында 19 жыл бұрын жасалған бастапқы құжатқа сәйкес, Қазақстан демалыс аймақтарын жаңғырту шартымен жалға алуға тиіс болған.

Оның ішінде – «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Қазақстан» шипажайы бар.

Алайда бұл құжатта Қазақстан тарапына жүктелген міндеттемелер мен жауапкершіліктер нақты көрсетілмеген.

2009 жылы тараптар пансионаттар орналасқан жер телімдерін 49 жыл мерзімге жалға беру туралы қосымша келісімге келген болатын.

2023 жылы Қазақстанның жауапкершілігіне қатысты талаптар қайта қаралды, ал өткен жылдың желтоқсанында 2006 жылғы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Жаңа түзетулерге сәйкес, қазақстандық тарап нысандарды 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейін қайта жаңғыртып бітіруге тиіс. Атап айтқанда, «Қазақстан» шипажайын төрт жұлдызды қонақүй деңгейіне жеткізу, «Университет» пен «Самалды» – үш жұлдызды деңгейге дейін жаңарту, ал «Олимп» нысанын толыққанды спорт базасына айналдыру міндеті жүктелген.

«Егер бұл шарттар бес жыл ішінде орындалмаса, нысандар Қырғызстанның меншігіне өтеді және шығындар өтелмейді», – деп түсіндірді вице-министр.

Бұдан бөлек, бұған дейін нысандарды қайта құру кезінде Қырғызстан азаматтарының үлесі кемінде 80 % болуы тиіс деп көрсетілсе, енді бұл көрсеткіш 90 %-ға дейін көтерілді.

Фото: Open.kg.

Tags: ҚазақстанЫстықкөл
Алдыңғы пост

Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті ВИДЕО

Келесі пост

«Заңсыз тексеру жүргізген»: Қызылордада мемлекеттік мекеме қызметкеріне айыппұл салынды

Келесі пост
«Заңсыз тексеру жүргізген»: Қызылордада мемлекеттік мекеме қызметкеріне айыппұл салынды

"Заңсыз тексеру жүргізген": Қызылордада мемлекеттік мекеме қызметкеріне айыппұл салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі