Шымкентте университет басшылығы бюджет қаржысына қымбат көлік пен элиталық коттедж сатып алған, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тергеу аяқталды.
Деректерге сәйкес, күдіктілер құны 256 миллион теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасалған.
Бірақ аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған.
Қолға түскен азаматтар қылмыстық жолмен бюджет қаражатына 6 қымбат көлік пен құны 254 млн теңге болатын элиталы коттедж сатып алған. Күдіктілердің қатарында ректордың міндетін атқарушы бар.
Қазіргі таңда 4 күдікті үйқамаққа алынды.