Абай облысында 350 адамды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Күдікті топ азаматтардан ақша алып, мемлекеттік сатып алуға қатысты инвестициялық жобадан 30 пайыз дивиденд уәде еткен.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegam-дағы арнасының хабарлауынша, 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
«Сонымен қатар күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған», — дейді агенттік өкілдері.
Бүгінде екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.