Үкімет отырысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Жарияланған мәліметке сәйкес, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкентқалалары негізгі көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.
Ал Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстары ең төмен нәтижелер көрсеткен. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдеріне экономикалық жағдайды жақсарту үшін нақты іс-шаралар қабылдау тапсырылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердің дамуын жандандыру үшін тың тәсілдер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын жүйелі түрде үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа өңірлерде:
- Экономиканы әртараптандыру,
- Инвестиция тарту,
- Тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында белсенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұл қадамдар өңірлер арасындағы экономикалық теңгерімді қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталмақ.