Қазақстандық блогер-косметолог Әсия ажырасқан әйелдерге қатысты пікір айтып, қоғамның сынына ұшырады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Блогер ажырасқан соң әйелдер қауымы ұзақ уақыт бойы некесіз өмір сүрмеуі тиіс екенін айтқан.
”Ислам бойынша егер, ажырасқан әйел адам 3 ай, 10 күннен кейін некелеспесе, ұзақ уақыт некесіз, ер адамсыз өмір сүретін болса, оған еркек жын ғашық болып, отырып алады. Ешкімді оған жолатпайды. Әйел адам біреумен танысса да анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп жақтырмай тұрады. Түсіне де кіретін болады. Түсінде еркек жын сол әйелмен кәдімгідей қосылатын болады. Сондықтан ұзақ жүріп қалмаңыздар. Ұзақ жүрген әйелдер, естеріңізге түсіріңіздер, ойланыңыздар. Сондай түстер көрмейсіздер ме?! Егер, сондай болатын болса, қорқу керек. 10 жыл күйеуге шықпаған пациентім бар. 10 жылдан кейін күйеуге тигеніне 7-8 жыл болғанда, сол жын мазалап, күйеуіне жек көрінішті қылып көрсеткен. Тіпті асылып қалған. Қайта күйеуі құтқарып үлгерген. Қазір оқытылып жүр”, – дейді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары косметолог маманның мұндай пікірін талқыға салды.
«Аузыңа келгенді айта береді екенсің”, “Аңқау елге арам молда болдығой,”, “Қазақ қасиетті халық, күйеуі өлсе де, балаларын бағып отырады”, “Мынаның өзіне жын кірген”, – деп жазды олар.