Мамандар қазір сәнге айналған Лабубу ойыншығының зияны жөнінде дабыл қақты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Психолог Ғалия Баязитова лабубу балалардың «ішкі дүниесіне үрей салатынын» айтты.
Бес жасқа дейін бала барлық нәрсені жақсы деп қабылдайды. Мейірім мен жылулық, махаббат сезімін ұғынады. Ал мына ойыншықты алған кезде баланың дүниетанымы, әр нәрсені қабылдауы өзгеріп, мінез-құлқында агрессия пайда болуы мүмкін. Бала «дос» деген сөзді – мейірім, жылулық деп қабылдайды. Ал бұл құбыжық ойыншық – ашулы, тістеніп тұрғандай көрінеді. Бұл оның ішкі дүниесіне үрей салады», – деді психолог Ғ.Баязитова.