Қазақстанда жыл басынан бері 4 тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
ІІМ баспасөз хатшысы Ш.Тұрлыбектің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда есірткіге қатысты 1 445 қылмыс тіркеліп, олардың 991-і сату фактісі ретінде анықталған. Аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 165 дерек тіркелген. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі шығарылған.
— Интернет желісі арқылы есірткі қылмыстарын анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне 16 мыңнан астам есірткі сайттарын бұғаттау жөнінде сұраныс жіберілген. Дегенмен бүгінде есірткі жарнамасы «жасырын» сипатқа көшіп, хабарландыру сайттары арқылы таралуда, — деді Шұғыла Тұрлыбек.