• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 1 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қызылордада «Қанатты қалам-2025» салтанатты шарасы өтті

Қызылордада «Қанатты қалам-2025» салтанатты шарасы өтті

27.06.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
5
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

БАҚ өкілдерінің төл мерекесіне орай Қызылордада «Қанатты қалам-2025» салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2025» салтанатты шарасы өтті. Басқосуға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, өңірдің БАҚ саласы мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау және жауапты сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа жеткізудегі қаламгерлер рөліне тоқталды.
«Бүгінгі мереке — мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет жасайтын шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың техникалық, көркемдік тұрғыдан толыққанды жарыққа шығуына еңбек сіңіретін оператор, дизайнер, режиссер, инженерлердің мерейлі күні.
Сіздер жаңа бетбұрыстар кезеңінде қоғам мен биліктің арасында алтын көпір болып, жұртшылыққа реформалардың маңыздылығын жеткізуде жауапты міндет атқарып келесіздер.
Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкерлерін Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты қабылдауда жерлесіміз, ақпарат саласында аянбай еңбек етіп жүрген «Qyzylorda» телеарнасының директоры Әмиша Нұрбек Шынтемірұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Бұл — Сыр журналистикасының бүгінгі беталысына берілген жоғары баға.
Мемлекет басшымыз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берген еді.
Осыдан 100 жыл бұрын Қызылорда еліміздің тұңғыш астанасы болған тұста әлеуметтің рухани өмірінде ерекше серпіліс жасалды. Тарихи кезеңде республикалық мерзімді басылымдардың барлығы көшірілді. Ұлттық сөз өнерінің майталмандары, Алаш зиялылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Сәбит Мұқанов журналистік шеберліктерін шыңдап, халыққа ақпарат тарату ісіне белсене қатысты.
«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінің ұлттық журналистика тарихында айрықша орны бар. Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар Қызылорда – ұлт баспасөзі мен журналистикасының рухани астанасы екенін айқын дәлелдейді. Тарихи сәттердің куәсі болған ардагерлеріміз бүгінде ортамызда. «Сыр бойымен» бірге сырласындай өмір сүріп келе жатқан Қазақстанның құрметті журналистері – Шәкірат Дәрмағанбетов, Қайырбек Мырзахметов ағаларымыз бен Рысты Бекбергенова апамыз мерейлі 90 жастың үстіне шықты. Осы газеттерден шыққан шығармашылық өкілдері елімізге танылып, қазақ әдебиетінде өзіндік ізін қалдырды. Олар: Асқар Тоқмағанбетов, Жақсылық Түменбай, Тынымбай Нұрмағанбетов, Әскербек Рахымбеков, Асқар Кіребаев, Қази Данабаев, Жолтай Жұмат секілді белгілі ақын-жазушылар.
Аймағымызда Президентіміздің тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылған жұмыстарды, игі бастамаларды халық арасында кеңінен насихаттауда қалалық, аудандық басылымдармен қатар «Халық», «Әлімсақ», «Ұстаз мәртебесі», «Тіл сақшысы», «Сыр мектебі» секілді газет-журналдар мен интернет ресурстардағы бірнеше ақпараттық агенттік белсенді қызмет атқаруда.
Сыр өңірінің жылнамасын, Тәуелсіздік шежіресін жасаудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін сіздерге зор ризашылығымды, алғысымды білдіремін.
Ақпарат айдынында заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқара беріңіздер! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, шығармашылықтарыңызға шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», — деді Н.Нәлібаев.
Мерекелік жиында салаға ізденісі мен кәсіби шеберлігін арнап, оқырман мен көрермен құрметіне бөленген журналистер марапат төрінен көрінді. Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстық «Сыр бойы» газеті «Руханият» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Дүйсенбек Беркінбаев «Құрмет» орденімен, республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Әлібек Байшүленов пен «Қоғам ТВ» арнасының шеф-редакторы Баян Құлтанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар тілшілерге облыстың ең жоғарғы наградасы — Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты мен номинациялар табысталды.
Бүгінде Сыр журналистикасының тарихы өзінің ғасырлық белесіне жақындады. Өткен жылы еліміздегі ең байырғы басылымдардың бірі — облыстық «Сыр бойы» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толса, биыл «Кызылординские вести» газеті 95 жылдығын атап өтуде. Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» басылымына 90 жыл, Шиелі аудандық «Өскен өңір», Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеттеріне 85 жыл, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің жарық көргеніне 30 жыл толды.

 

Алдыңғы пост

«Көкарал» бөгетін қалпын келтіру жұмыстары жалғасуда

Келесі пост

“Барлық зейнетақы көтеріледі“ — министр

Келесі пост
“Барлық зейнетақы көтеріледі“ — министр

“Барлық зейнетақы көтеріледі“ - министр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер
  • Нәресте «саудасына» байланысты сот шешімі жарияланды
  • Танысының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған
  • Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі
  • Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Оңтүстіктің қыздары тұрмысқа үй қызметшісі болу үшін шығады» — блогер

Нәресте «саудасына» байланысты сот шешімі жарияланды

Танысының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған

Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Енді банктер қазақстандықтардың шоттары туралы деректі беруді бастайды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі