2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы деректерді Ұлттық банкке беруді бастайды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап екінші деңгейлі барлық банктер мен Қазпошта азаматтардың шоттары туралы есептерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тапсыруға міндетті болады.
Бұл талап барлық клиенттерге қатысты — жалақы карталарының иелерінен бастап, салымшылар мен ақша аударымдарын жасайтын тұлғаларға дейін.
Берілетін мәліметтер қатарына мыналар кіреді: шот иесі туралы ақпарат, келісімшарт шарттары, шот туралы мәліметтер, ай сайынғы ақша қозғалысы туралы есептер.
Деректер дербестендірілмеген (обезличены) түрде беріледі, бірақ қажет болған жағдайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ЖСН мен толық аты-жөнін сұрата алады.