• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 3 сентября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысын көрді

«Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысын көрді

03.08.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Бекарыстан би ауылында болып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске қосылған кілем жуу орталығының жұмысымен танысты.

Аталған жоба ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен тұрмыстық қызмет түрлерін жергілікті жерде дамытуға бағытталған. Цех қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бірнеше ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінде тұрғындарға қолжетімді сервистік қызмет түрлерін ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Халық қалаулысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Ауылдық жерлерде осындай шағын, бірақ тиімді жобалардың болуы халықтың өмір сапасын жақсартуға жасалған нақты қадамдардың бірі. Мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарына табыс әкелетін осы секілді бастамалар қолдау табуы тиіс», – деді депутат.

Мұнан соң жоба жетекшісімен пікірлесіп, кәсіпкерлігін одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, кәсіп иесінің алдағы жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Қазалы ауданына 835,1 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл қаржы 124 жобаны қаржыландыруға және 135 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Мәжіліс депутаты жол құрылысымен танысты

Келесі пост

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

Келесі пост
Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалы ауданында алты айда атқарылған жұмыстар сараланды
  • «Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда
  • Қазалы ауданының делегациясы Отырар ауданында тәжірибе алмасты
  • Қазалыда Ақтан батыр Ақайұлының 255 жылдығы аталып өтті
  • Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қазалы ауданында алты айда атқарылған жұмыстар сараланды

«Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Қазалы ауданының делегациясы Отырар ауданында тәжірибе алмасты

Қазалыда Ақтан батыр Ақайұлының 255 жылдығы аталып өтті

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

Қазалыда құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі